KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,10/147,11 теңге, еуро - 188,50 теңге, рубль - 4, 8202 теңге

nbsp;АЛМАТЫ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.
None
None

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 21 мүшесі, своп-нарықта - 5 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,11 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 213 050 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 147,10/147,11 теңге.

Спот-нарықта:

- Т+0 есептерімен еуроның орташа бағамы 1 еуро үшін 188,50 теңге, сауда көлемі 350 мың еуро;

- Т+0 есептерімен АҚШ долларында еуро бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.

Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы Ресейдің 1 рублі үшін 4,8202 теңге, сауда көлемі 22 600 мың рубль болды.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағам -0,01 теңге, сауда көлемі 125 000 мың USD;

- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағам 0,00 теңге сауда көлемі 140 000 мың USD болды.

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар