KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: : доллар - 147,18 теңге, еуро - 187,51 теңге,рубль - 4,8 теңге

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 17 мүшесі, своп-нарықта - 3 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,18 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 89 250 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 147,15/147,18 теңге.
Спот-нарықта:
- Т+0 есептерімен еуроның орташа бағамы 1 еуро үшін 187,51 теңге, сауда көлемі 250 мың еуро;
- Т+0 есептерімен АҚШ долларында еуроның орташа бағамы бір еуро үшін 1,2721 USD, сауда көлемі 250 мың еуро болды.
Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы Ресейдің 1 рублі үшін 4,8118 теңге, сауда көлемі 17 600 мың рубль болды.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағам 0,00 теңге, сауда көлемі 2 000 мың USD;
- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағам 0,00 теңге сауда көлемі 129 000 мың USD болды.
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,
- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.