KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,23/147,27 теңге, еуро - 200,60 теңге, рубль - 4,9267 теңге
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 19 мүшесі, своп-нарықта - 4 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,25 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 74 405 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 147,23/147,27 теңге.
Спот-нарықта:
- Т+0 есептерімен еуроның орташа бағамы 1 еуро үшін 200,60 теңге, сауда көлемі 8 000 мың еуро;
- Т+0 есептерімен АҚШ долларында еуро бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы Ресейдің 1 рублі үшін 4,9267 теңге, сауда көлемі 15 000 мың рубль болды.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 орташа бағам 0,00 теңге, сауда көлемі 40 000 мың доллар; сессия жабылуында сұраныс бағасы 0,00 теңге, ұсыныс -0,02 теңгені құрады.
- USDKZT_0_002 орташа бағам 0,00 теңге сауда көлемі 40 000 мың USD болды.
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,
- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.