KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,25/147,29 теңге, евро - 201,45 теңге, рубль - 4,9446 теңге

АЛМАТЫ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.
None
None

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 19 мүшесі, своп-нарықта - 4 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,28 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 22 300 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 147,25/147,29 теңге.

Спот-нарықта:

- Т+0 есептерімен еуро бойынша теңгемен мәміле жасалмады, сессияның жабылуында ұсыныс бір еуро үшін 201,45 теңгені құрады, бірақ та сұраныс болған жоқ.

- Т+0 есептерімен АҚШ долларында еуроның орташа бағамы 1 еуро үшін 1,3676 USD, сауда көлемі 300 мың еуро болды.

Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы Ресейдің 1 рублі үшін 4,9446 теңге, сауда көлемі 73 000 мың рубль болды.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 орташа бағам 0,00 теңге, сауда көлемі 50 000 мың USD; сессия жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.

- USDKZT_0_002 орташа бағам 0,00 теңге сауда көлемі 42 000 мың USD болды.

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар