KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,37/147,38 теңге, еуро - 187,30/188,00 теңге, рубль - 4,7766 теңге

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.
None
None

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 23 мүшесі, своп-нарықта - 7 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,38 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 147 900 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 147,37/147,38 теңге болды.

Спот-нарықта:

- еуро бойынша Т+0 есептерімен мәміле жасалған жоқ, сессия жабылар кездегі сұраныс бағасы - 187,30 теңге/еуроны, ал ұсыныс - 188,00 теңге/еуроны құрады.

- еуро бойынша Т+0 есептерімен АҚШ долларының орташа бағамы 1,2689 доллар/еуроны, ал сессия көлемі 1 800 мың еуроны құрады.

Ал Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы 4,7766 теңгені, сауда көлемі 26 100 мың рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша мәміле жасалған жоқ, сессия жабылар кезде сұраныс бағасы- +0,01 теңге, ұсыныс - 0,00 теңгені құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағам -0,01 теңге, сауда көлемі 148 000 мың USD болды, сессия жабылар кезде сұраныс бағасы +0,02 теңгені, ұсыныс бағасы - 0,00 теңгені құрады;

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- EURKZT_0_002 бойынша да мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар