KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,38/147,45 теңге, евро - 199 теңге, рубль - 4,9062 теңге
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 22 мүшесі, своп-нарықта - 5 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,40 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 86 690 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 147,38/147,45 теңге.
Спот-нарықта:
- Т+0 есептерімен еуроның орташа бағамы 1 еуро үшін 199,00 теңге, сауда көлемі 8 090 мың еуро;
- Т+0 есептерімен АҚШ долларында еуро бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы Ресейдің 1 рублі үшін 4,9062 теңге, сауда көлемі 4 700 мың рубль болды.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 орташа бағам 0,00 теңге, сауда көлемі 80 000 мың доллар; сессия жабылуында сұраныс бағасы +0,01 теңге, ұсыныс -0,01 теңгені құрады.
- USDKZT_0_002 орташа бағам 0,00 теңге сауда көлемі 35 000 мың USD болды.
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,
- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.