KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,43 теңге, еуро - 188,63 теңге
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің 21 мүшесі, своп-нарықта - 4 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,43 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 250 000 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 147,40/147,45 теңге.
Спот-нарықта:
- Т+0 есептерімен теңгеде еуро бойынша мәміле жасалмады, сессияның жабылуында ұсыныс бір еуро үшін 188,63 теңгені құрады, бірақ сұраныс болған жоқ.
- Т+0 есептерімен АҚШ долларында еуро бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы Ресейдің 1 рублі үшін 4,8015 теңге, сауда көлемі 9 000 мың рубль болды.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессиянфың жабылуында сұраныс +0,01 теңге, ұсыныс 0,00 теңге болды. орташа бағам 0,00 теңге, сауда көлемі 9 000 мың доллар; сессия жабылуында сұраныс бағасы 0,01 теңге, ұсыныс -0,01 теңгені құрады.
- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағам +0,01 теңге сауда көлемі 320 000 мың USD болды.
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,
- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.