KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,51/147,53 теңге, рубль - 4,8584 теңге
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 21 мүшесі, своп-нарықта - 5 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,52 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 51 200 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 147,51/147,53 теңге.
Спот-нарықта:
- Т+0 есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесі бойынша баға белгіленімі болған жоқ.
- Т+0 есептерімен АҚШ долларына шаққанда еуроның орташа бағамы бір еуро үшін 1,3591 АҚШ долларын, сауда көлемі 300 мың еуроны құрады.
- Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы Ресейдің 1 рублі үшін 4,8584 теңге, сауда көлемі 5 000 мың рубль болды.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша мәміле жасалған жоқ, сессия жабылар кезде сауда көлемі 15 000 мың АҚШ доллары болғандағы сұраныс бағасы +0,01 теңгені, ұсыныс 0,00 теңгені құрады;
- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағам 0,00 теңге сауда көлемі 60 000 мың USD болды.
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,
- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.