KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 148,39/148,42 теңге, рубль - 4,9336 теңге

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE)
None
None

- АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен(USDKZT_TOD),
- еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD),

- еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD),

- Ресей рублі бойынша Т+0 есбеімен теңгемен (RUBKZT_TOD),

- валюталық своп операцияларымен USDKZT_0_002, EURKZT_0_002, күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD и EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Дүйсенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 22м мүшесі, своп-нарықта - 8 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,40 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 63 450 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 148,39/148,42 теңге.
Спот-нарықта:

- Т+0 есептерімен еуроның орташа бағамы 1 еуро үшін 212,85 теңге, сауда көлемі 10 000 мың еуро;

- Т+0 есептерімен АҚШ долларында Мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.

Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы Ресейдің 1 рублі үшін 4,9336 теңге, сауда көлемі 38 500  мың рубль болды.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_002 бойыншаорташа бағам 0,00 теңгені құрап, сауда көлемі 101 000 мың доллар болды, сессияның жабылуында сұраныс бағасы +0,01 теңге болып, ұсыныс  бағасы 0,00 теңге болды.

-  USDKZT_1_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- по EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,

REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша 15 сағат 30 минөтте 1 доллар үшін 148,42/148,49 теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар