KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 148,98/148,99, евро - 220,48, рубль - 5,0223 теңге

АЛМАТЫ. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+0 (USD_TOD) есептері бойынша АҚШ долларымен, Т+0 (EUR_TOD) есептері бойынша еуромен және T+0 (RUB_TOD) есептерімен рубльдің күндізгі саудасы өтті.
None
None

Бұл сессия доллар үшін қосымша болды. Бүгінгі спот-рынок саудаға KASE-нің 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап.

Т+0 есебімен еуроның орташа бағамы 1 бірлік үшін 220,48 теңгені құрап, сауда көлемі 500 мың еуро болды.

 Ресей рублінің орташа бағамы валютаның 1 бірлігі үшін 5,0223 теңгені құрап, сауда көлемі 9 000 мың рубль болды.

 Спот-рынокта АҚШ доллары бойынша соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,99 теңге бағамында жасалды, сессия көлемі 91 200 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 148,98/148,99 теңге.

REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша 15 сағат 30 минөтте 1 доллар үшін 148,95/149,00 теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар