17:07, 20 Желтоқсан 2009 | GMT +5
KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: мәмілелер жасалған жоқ
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+0 (USD_TOD) есептері бойынша АҚШ долларымен, Т+0 (EUR_TOD) есептері бойынша еуромен және T+0 (RUB_TOD) есептерімен рубльдің күндізгі сессиясы өтті.

Т+0 есептерімен АҚШ долларымен (USDKZT_TOD), Т+0 есептеріәмен Ресей рублімен (RUBKZT_TOD), Т+0 есептерімен еуромен (EURKZT_TOD) және АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), валюталық своп операциясы (USDKZT_0_001, EURKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_002) бүгін демалыс күні желтоқсанның 20-сынан 18-іне ауыстырылуына байланысты өткізілген жоқ.
REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша 15 сағат 30 минөтте 1 доллар үшін 148,60/148,90 теңгені құрады.