KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ долларының құны 336,99 теңге

Бүгін Қазақстан қор биржасында (KASE) 30 мамыр АҚШ-та мереке күні (Еске алу күні) болғандықтан, есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен еуро және АҚШ доллары бойынша (EURKZT_TOD, EURUSD_TOD) сауда-саттық жүргізілген жоқ.
Аталмыш қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 16 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 336,99 теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 19 700 мың АҚШ долларын құрады.
Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне сұраным бір юаньға 51,1300 теңгені құрады, ұсыным - бір юаньға 51,1600 теңгені құрады.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.