11:50, 21 Сәуір 2011 | GMT +5
KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -145,31 теңгені, еуро бағамы - 212,10 теңгені құрады
Ы. 21 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 24 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 145,31 теңгені, ал сауда көлемі 119 550 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,22 теңгеге арзандап, сессия көлемі 41 500 мың долларға өсті.
Т+0 теңге есебімен еуроның орташа бағамы 212,10 теңгені, ал сауда көлемі- 200 мың еуроны құрады.
Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.