11:53, 01 Сәуір 2010 | GMT +5
KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы - 147,07 теңгені, еуро бағамы 198,98 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен еуро және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,07 теңгені, ал сауда көлемі 81 150 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,09 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 6 950 мың долларға кеміді.
Т+0 теңге есебімен еуроның орташа бағамы 198,98 теңгені, ал сессия көлемі 300 мың еуроны құрады.
Ал Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ.