12:28, 18 Тамыз 2010 | GMT +5
KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 147,17 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 20 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,17 теңгені (-0,09 теңге), ал сауда көлемі -259 000 мың долларды құрады (+78 300 мың доллар).
Т+0 теңге есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі баға белгіленімі болған жоқ.
Т+0 АҚШ доллары есебімен еуроның орташа бағамы бір еуро үшін 1,2853 АҚШ долларын, сауда көлемі -550 мың еуроны құрады.