KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -147,35 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
None
None

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 23 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147, 35 теңгені (+0,07), ал сауда көлемі -73 650 мың долларды (+65 550 мыі АҚШ доллар) құрады.

Т+0 теңге есебімен және Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі баға белгіленімі болған жоқ.

Т+0 АҚШ доллары есебімен еуроның орташа бағамы бір еуро үшін 1,2811 долларды, ал сауда көлемі - 700 мың еуроны құрады.

Соңғы жаңалықтар