KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 147,363 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Наурыздың 2-cі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен еуро және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
None
None

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,36 теңгені, ал сауда көлемі 98 850 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,13 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 81 352 мың долларға кеміді.

Т+0 теңге есебімен және Т+0 доллар есебімен ееуро валютасы бойынша мәлімелер жасалған жоқ.

Соңғы жаңалықтар