12:11, 13 Тамыз 2010 | GMT +5
KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -147,38 теңгені, еуро - 189, 80 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 22 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,38 теңгені, ал сауда көлемі 118 500 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,30 теңгеге арзандап, сессия көлемі 27 650 мың долларға кеміді.
Т+0 теңге есебімен еуроның ортаға бағамы бір еуро үшін 189,80 теңгені, ал сессия көлемі 100 мың еуроны құраса, Т+0 доллар есебімен еуроның орташа бағамы бір еуро үшін 1,2860 долларды, ал сессия көлемі 850 мың еуроны құрады.