KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы 148,42 теңгені, еуро бағамы - 212,64 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 23-і.  ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USDKZT_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0  теңге (EURKZT_TOD) есебімен  еуро  және  АҚШ  доллары (EURUSD_TOD) бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды. 
None
None

Аталған       санаттар  үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 11 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен валюта бірлігі үшін  148,42 теңгені, ал сауда көлемі  26 000  мың долларды құрады. 

Кешегі  таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы   0,08  теңгеге арзандады, ал  сессия көлемі 185 500 мың  долларға   өсті. 

 T+0  есебімен  еуро   валютасы  бойынша  теңгемен  мәміле  жасалған  жоқ.   Сессия  жабылар  кездегі      ұсыныс  еуро үшін  212,64 теңгені құрады, сұраныс  болған жоқ.

 T+0  есебімен  еуро   валютасы  бойынша  АҚШ долларымен мәміле  жасалған  жоқ.  

Соңғы жаңалықтар