KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы 148,74 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 4-і.  ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
None
None

USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 15 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен валюта бірлігі үшін  148,74 теңгені, ал сауда көлемі  108 980   мың долларды құрады. 

Бұған дейінгі  таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы   0,07 теңгеге арзандап, ал  сессия көлемі  68 070 мың  долларға  өсті.

Соңғы жаңалықтар