12:01, 29 Мамыр 2009 | GMT +5
KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы 150,44 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+ 0 есебімен валюта бірлігі үшін ? 150,44 теңгені, ал сауда көлемі 45 200 мың долларды құрады. Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,05 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 74 950 мың долларға кеміді.