KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы 150,71 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Қазанның 28-і.  ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
None
None

 USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 18  мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен валюта бірлігі үшін  150,71 теңгені, ал сауда көлемі  27 210  мың долларды құрады. 

Кешегі    таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы өзгерген жоқ,  ал  сессия көлемі  72 145 мың  долларға  азайды.

Соңғы жаңалықтар