Қашаған кен орнын игеруді бастау мерзімі өзгеруі мүмкін - Е.Досаев

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Қашаған кен орнын игеруді бастау мерзімі өзгеруі мүмкін.
None
None

Бұл туралы бүгін 2013 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған ҚР Үкіметінің отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Мұнай және газ министрлігі Қашаған кен орнын игерудің басталу мерзімін ауыстыру мүмкіндігі есебінен жоспарланған көлемде мұнай өндіруді қамтамасыз ету үшін басқа кен орындарында мұнай өндіру көлемін ұлғайту мүмкіндігін қарастырсын», - деді ол.

Сонымен қатар министр макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, ең алымен ішкі нарықтағы бағаның өсуіне жол бермеу қажеттігін баса айта келе: «Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет», - деді.

Соңғы жаңалықтар