Қашаған кен орнын игерудің кейінгі қалдырылуы елдегі мұнайгаз өндірісіне әсер етпейді - ҚР Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қашаған кен орнын игеру мерзімінің кейінге шегерілуі Қазақстан үшін қолайлы жағдайлар туғызуда.
None
None

Бұл бүгін Алматыда "Мұнайгаз өндірісінің ғылыми-технологиялық және экологиялық мәселелерін математикалық модельдеу" деген тақырыппен өтіп жатқан VII Халықаралық қазақстандық-ресейлік ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.

"Бастапқы кезде 2006 жылдан бастап мұнай өндіріледі деп жоспарланған Қашаған кен орнын игеру мерзімі қайта-қайта кейінге шегерілуде. Оның іске қосылу уақытының 2008 жылдан 2013 жылға дейін ұзартылуы соның нақты дәлелі. Дегенмен бұл шаралар елдегі мұнайгаз өндірісіне әсер етпейді. Қайта ол Қазақстан үшін қолайлы жағдайлар туғызуда. Мәселен бұрын онда еліміздің үлесі жоқ болатын. Қазір ол 16-17 пайызға жуықтап қалды", дейді ҚР Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті Нәдір Нәдіров. Оның айтуынша, Мексика шығанағындағы апат Қашаған кен орнын игерушілер үшін үлкен сабақ болуы тиіс. Қаржыны үнемдейміз деген желеумен әйгілі компаниялардың өзі осындай үлкен апатқа жол беріп жатқаны бүкіл дүниежүзі үшін аса өкінішті жәйт болды. Жалпы әлемде қазір теңіз астынан 1 грамын да шашып-төкпей өндіріп алудың технологиялары да тәжірибесі де жеткілікті. Оған Голландия, Куба, Норвегия және тағы басқа елдерді мысалға келтіруге болады.

Соңғы жаңалықтар