Қашаған мұнайы Қаспий Құбыр Консорциумы жүйесіне құйыла бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қашаған кен орнының мұнайы Қаспий Құбыр Консорциумы жүйесіне құйыла бастады.
None
None

 2016 жылы Консорциум 1 млн тонна Қашаған мұнайын айдайды деп күтілуде. Ал келесі 2017 жылы бұл көрсеткіш 12 млн тоннаға жетуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазір біз тәулігіне 10 мың тоннаға дейін мұнай қабылдаймыз, алдағы уақытта оның мөлшері арта түседі. Құбыр желісін кеңейту бойынша жасалған уақытылы шаралар бұдан әрі де акционерлердің сұраныстарына жауап береді деп сенеміз», - деді Каспий құбыр консорциумының бас директоры  Николай Горбань.

Еске сала кетейік, 2017 жылы КҚК Кеңейту жобасын аяқтап, есесіне жылына 67 млн тонна мұнайды тасымалдай алатын болады. Оның ішінде, 56 млн тонна қара алтын қазақстандық өндірушілерінің еншісінде болса, 11 млн тоннасы - ресейлік.

КҚК құбыр жүйесі - ТМД аумағындағы энергетика саласында шетелдік капитал қатысуымен іске асырылтын аса ірі инвестициялық жобалардың бірі. Батыс Қазақстанның мұнай кен орындарын Новороссийскідегі теңіз терминалымен жалғастырып жатқан құбырдың ұзындығы  1 511 км құрайды. КҚК теңіз терминалы айлаққа шығарылатын құрылғылармен жабдықталған, бұл ерекшелік мұнайды танкерлерге тиеуді жағадан едәуір қашықтықта, оның ішінде ауа райының күйі жайсыз болғанда да, қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік береді.

КҚК Кеңейту жобасында 5 қолданыстағы мұнай айдау станциясын модернизациялау және қосымша 10 жаңа МАС (2 - Қазақстан Республикасы аумағында, 8 - Ресей Федерациясында) құрылысын салу, Новороссийск маңында мұнай сақтауға арналған қолданыстағы төрт резервуарға қосымша тағы алты резервуар (әрқайсысының сыйымдылығы 100 мың текше метр) және КҚК Теңіз терминалында үшінші айлаққа шығарылатын құрылғы құрылысы, сондай-ақ Қазақстан аумағындағы құбырдың 88 км құрайтын учаскесін диаметрі үлкейтілген құбырмен ауыстыру қарастырылған.  Жобаға арналған инвестициялардың жалпы сомасы 5,4 млрд АҚШ долларын құрайды.

КҚК акционерлері: Ресей Федерациясы (атынан Транснефть - 24% және КТК Компани - 7 %) - 31%; Қазақстан Республикасы (атынан  ҚазМұнайГаз - 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75%) - 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company - 15%, LUKARCO B.V. - 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company - 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited - 7,5%, BG Overseas Holding Limited - 2%, Eni International N.A. N.V. - 2% и Oryx Caspian Pipeline LLC - 1,75%.

Соңғы жаңалықтар