Қашағандағы құбыр ауыстыру жұмыстары кестеден ілгері жүріп жатыр - Атырау облысының әкімі
сұрақтарына жауап бере отырып Атырау облысының əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мəлім етті. "Қашағандағы құбырларды ауыстыру жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр. Дəлірек айтсам, кестеден ілгері жүріп жатыр. Таяуда ғана жаңадан тағайындалған басшысы (Қашағанның - агенттік) менің қабылдауыма келіп, барлық жұмыстар туралы баяндады. Бұл мəселені қатаң бақылауда ұстап отырмыз. Жоспарланған жұмыс мезгілінде орындалады деп күтеміз",- деп мəлім етті аймақ басшысы. Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың қарашасында Атырауда «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В. («НКОК») компаниясы Қашаған теңіз кенішінде құбырларды ауыстыру жобасын әзірлеу туралы хабарлады, соның себебінен мұнай өндіру тоқтатылған болатын. Жоба теңіз кенішінің D аралынан өндірілген өнімдерді «Болашақ» мұнай және газ кешенді әзірлеу қондырғысына тасымалдауға арналған күкіртті мұнай құбыры мен күкіртті газ құбырын ауыстыру жұмыстарын қамтиды. 2013 жылы күзде басталған Қашаған кенішінен мұнай өндіру теңізден құрлыққа тартылған 93 шақырымдық құбырдың жарылуы салдарынан тоқтатылған болатын. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, "Болашақ" зауытынан "D" аралына (кен орны - авт.) дейінгі құбырларды ауыстыру жұмыстары 2016 жылдың екінші жартысында аяқталуы тиіс.