Қасиетті қазақ жерінде әсіредіншілдер ешқашан болмаған - Мемлекет басшысы
Еске сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы Астанадағы Бейбітшілік жән келісім сарайында «Қазақстан-2050 стратегиясы»: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» атты күнтәртібімен өтіп жатыр.
«Ислам діні әу баста Жаратушыдан біздің ата-бабамызға қалай түссе, бүгінгі Қазақстанға дейін солай жетуін тарихтың өзі қамтамасыз етті. Қасиетті қазақ жерінде әсіредіншілдер ешқашан болмаған. Қазақ халқының рухани болмысы әрдайым гуманизммен, ішкі тұтастығымен ерекшеленген. Ата-бабалардан мирас болған осынау ұлы қасиеттен айыруға бүгінгі діннің еш қақысы жоқ. Сондықтан мен барлық қазақ зиялыларын, рухани жетекшілерді барша қазақстандықтарды Ұлы ұстаздардың ұлағатын ұмытпауға шақырамын», - деді Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, Елбасы ұрпақты жат ықпалдан қорғауға, адасқандарды оқыс қадамдардан сақтандыруға тиіс екенімізді атап өтті.