Кәсіпкерлер аязды қыстан зардап шегіп отырған құстарға бес тонна жем жеткізді - Өскемен

СКЕМЕН. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде «Май» акционерлік қоғамының кәсіпкерлері биылғы қатты қыстан зардап шегіп отырған құстарды тойындыру үшін қалалық мектептерге, колледждер мен жергілікті өзін-өзі басқару комитеттеріне бес тонна жем жеткізді.
None
None

Қалалық әкімдік ұйытқы болып отырған бұл шара қала тұрғындарының, әсіресе жастардың арасында кең қолдау тауып отыр. Оқушылар мен студенттер құстарға өз қолдарымен астаулар дайындаса, май өңдеу кәсіпорнының әкімшілігі құстар үшін тегін жем бөліп отыр.

Өткен демалыс күндері адамдар қаланың барлық саябақтарында аяздан аман қалған қанаттыларға жем берді. Қала әкімшілігінің пікірінше, мұндай бұл игі шара жалғасын табады.

Соңғы жаңалықтар