Кәсіпкерлер кедендік баж салығын бөліп төлей алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі аясында кәсіпкерлер кедендік баж салығын бөліп төлей алады. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік бақылау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жалитов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Баж және өзге де салықтарды кәсіпкерлер бөліп төлей алады. Бұрынғы заңнама бойынша, кедендік төлемдерді төлеуде тек жанама салықтарды бөліп төлеуге болатын еді», - деп атап өтті Арман Джалитов.

ЕАЭО кедендік кодексі күшіне енгеннен кейін, кәсіпкерлер тауарды шекарадан өткізу кезінде алынатын кедендік баж салығын төлеу мерзімін бір айға дейін соза алады.

«Алты айға дейін созу тек шектеулі жағдайларда ғана болады. Яғни, табиғи, технологиялық апаттарды жою үшін тауарларды тасымалдау кезінде. Сонымен қатар мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру кешіктіру оқиғалары да ескерілген», - дейді басқарма басшысының орынбасары.

Басқарманың пікірінше, бұл жаңашылдық шағын және орта бизнес үшін өте оңтайлы. Себебі олар кедендік төлемдерді тауарды сатқаннан кейін өтей алады.

Соңғы жаңалықтар