08:31, 29 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Кәсіпкерлер жетім балаларға жаңажылдық сыйлық - ақша салынған жинақ кітапшаларын тарту етті
ПАВЛОДАР. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жаңа жыл қарсаңында 120 павлодарлық кәсіпкер тұл жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған №1 мектеп-интернаттың он бір түлегіне банктен жинақ депозиттер ашты.

Балалармен Іскер әйелдердің облыстық қауымдастығының төрайымы Лариса Фрезоргер, сауда-өнеркәсіптік палатаның төрайымы Райхангүл Саттабаева және «Атамекен» ұлттық-экономикалық палатасының мүшесі Петр Вырвинский кездесті.
Қонақтар балаларды Жаңа жыл мерекелерімен құттықтады және оларға оқу жылының соңына дейін шоттарына іскер азаматтардан қосымша сома түсіп тұратын жинақ кітапшаларын табыс етті. Балалар өз кезектерінде ересек достарына арнап мерекелік концерт дайындады.
«Біздің он бір түлегіміз жеке өмірге тұрмыстарына қажетті қаражатпен аяқ басатын болады», деп атап көрсетті мектеп-интернат директоры Гүлмира Шұғаева.