Кәсіпкерлерге электронды шот-фактуралар жүргізу міндеттеледі - ҚР Қаржы министрлігі

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі кәсіпкерлерді электронды шот-фактуралар жүргізуге міндеттемек. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен брифингте аталған ведомствоның басшысы Болат Жәмішев мәлім етті.
None
None

Айта кетейік, заңнамаға сәйкес электронды шот-фактуралар өткен жылдың орта кезінен бері ерікті тәртіпте қолданылып келеді.

«Алайда, бұдан кейінгі уақытта бірқатар бағыттар бойынша электронды шоттарды пайдалануды міндетті етпекпіз»,-деп нақтылап өтті министр. Бұл тұрғыда Б. Жәмішев аталған шара табысты қадағалаудың тетігі болатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар