Кәсіпқой бокстан әлем чемпионын баптауға батысқазақстандық бапкер аттанды

ОРАЛ. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Кәсіпқой бокстан екі дүркін әлем, төрт дүркін Еуропа чемпионы, ресейлік Роман Кармазиннің бірінші бапкері - оралдық, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қуаныш Уақасов болатын.
None
None

Роман Кармазин кезінде әскери борышын өтеп жүріп, бокс әліппесін осы Қуаныш Уақасовтан үйренген. Содан бері байланысын үзген емес. Тіпті қолы қалт етсе, алғашқы бапкерімен дидарласып, ақыл-кеңесін алып тұрады. Таяуда олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымовтың жүлдесі үшін өткен халықаралық жарысқа арнайы келген Р.Кармазин алдағы маусым айының 5-і күні IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын неміс боксшысы Себастьян Сильвестрмен сарапқа салатынын айтқан болатын. Жекпе-жек Германияда, Сильвестрдің туған қаласы Нойбранденбургте болады деген жоспар бар. Соған бастапқы әзірлік Оралда басталса, Санкт-Петерборда өтетін екінші даярлық кезеңіне де бапкерін шақыратынын мәлімдеген. Таяуда Қуаныш Уақасовтың атына Кармазин командасынан шақыру келді. Мамырдың 8-і мен 30-ы аралығында оралдық бапкер Нева жағалауындағы қалада Романды жекпе-жекке дайындау үшін аттанып та кетті.

Кәсіпқой рингтегі 43 кездесуінің қырқын ұтып, үшеуінде тең түсіп, жеңілістің ащы дәмін татпаған Роман Кармазин алдағы жекпе-жекте де есе жібермесі анық.

Соңғы жаңалықтар