Кәсіпорындардың кредиттік белсенділігі қалпына келуде - ҚР Ұлттық банкі

Ұлттық банк төрағасы Г.Марченконың айтуынша, мониторингке 2222 кәсіпорын қатыстырылған, оның 1331-і ірі кәсіпорындар.
«Мониторинге қатыстырылған әрбір бесінші кәсіпорын 1-тоқсанда банк кредитін (20,5%) пайдаланған. Бұл кәсіпорындардың несие алудағы белсенділігінің артып келе жатқандығын көрсетеді. Алайда, дағдарысқа дейінгі деңгейге әлі қол жеткізілген жоқ, (2007 жылы - 32,8%, 2008 жылы - 26,5%), бұл банктердің клиенттерді таңдау кезіндегі сақтық саясатына байланысты. Оған қоса, кәсіпорындардың қаржы жағдайының жақсаруы олардың көбіне айналым қаражаты мен инвестицияларды қаржыландыруы кезінде өз қаражатымен шектелуіне мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында кәсіпорындардың 75,6%-ы кредит алу үшін банктерге өтініш білдірген жоқ»,- деді Ұлттық банк төрағасы.