«Kaspi Bank» АҚ Батыс Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге 10 млн. теңге бөліп отыр

АЛМАТЫ. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Kaspi Bank» АҚ Оралда су тасқынынан зардап шеккендерге шамамен 10 млн. теңге қаражат бөлді.
None
None

Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қайырымдылық көмек бірнеше бағытта көрсетіледі. Атап айтқанда көбірек зардап шеккен жанұялардағы 7 жастан 14 жасқа дейінгі 200 бала «Талап» сауықтыру орталықтарына жіберілмек.

«Бұл жағдайда ең бастысы - балалардың өмірі мен денсаулығы, - дейді «Kaspi Bank» АҚ Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. - Балалардың қауіпсіз жерде екенін білетін ата-аналар тұрғын үймен, құжаттармен, жұмыспен байланысты тұрмыстық проблемаларды тезірек шеше алатын болады».

Сондай-ақ қажетті көмек «Жас дәурен» балалар үйіне көрсетілмекші. Балалар үйі Оралдың шетінде және іс жүзінде су тасқынының қақ ортасында - Деркүл мен Шаған деген екі өзеннің арасындағы аумақта орналасқан. Оралға көшірілген 114 бала маусымдық киім-кешекпен қамтамасыз етілетін болады.

Уақытша өздерінің жеке үйлерінен тыс жерде тұратын 2 мың адам жылы қалың төсек орын жапқыштарын алатын болады.«Біз осы қиын сәтті бастан өткізген отандастарымызға шын жүрегімізбен жанымыз ашиды, - дейді kaspi bank басшысы Михаил Ломтадзе. - Олардың ішінде жолдастарымыз, клиенттеріміз бен әріптестеріміз де бар. Біз шетте қарап қала алмаймыз, жағдайды жақсартып, жаны жабырқаулы адамдарға қолдау көрсету үшін шамамыз келгенше көмегімізді аямаймыз».

Соңғы жаңалықтар