Каспий банктің сыртқы нарықтан капитал тарту туралы ешқандай жоспары жоқ

АЛМАТЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ішкі ресурстардан арзан болған кезде ғана сыртқы нарықтан капитал тартатын боламыз.
None
None

Бұл жайлы Kaspi bank Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзенің бүгін Алматыда 2010 жылдың қорытындысын арналған баспасөз мәслихатында айтылды.

«Биыл сыртқы нарықтан капитал тартуда нақты жоспар жоқ. Бізде өтімділік жеткілікті деңгейде жоғары. Депозиттік база өсуде, ол бизнесті дамытуға жеткілікті. Үлкен төлемдеріміз жоқ, орналастыратын және қайта қаржыландыратын да ештеңе керек емес», - дейді М. Ломтадзе. Оның сөзіне қарағанда, алдағы жазда банк клиенттері 100 мыңға толықпақ. Осыған қарамастан бағалы қағаздар шығарып, нарықтан капитал тартуға қазір оларда ешқандай қажеттілік жоқ. Мәселен, ликвидтік құралдар активтің 20 пайызынан астам.

Соңғы жаңалықтар