Каспий теңізі мен Қара теңіздің арасында жаңа мұнай құбырын салу қажет - Елбасы

СТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан мұнайын Еуропа нарығына тасымалдау үшін панъеуропалық мұнай құбыры Константа-Триестамен түйісетін Каспий теңізі мен Қара теңіздің арасында жаңа мұнай құбырын салу қажет. Бүгін Ақордада Румыния Президенті Траян Басескумен болған келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз бүгін Президент мырзамен Кавказ дәлізі арқылы мұнай тасымалдайтын жаңа маршрутты ашу жайлы әңгімелестік. Қазақстан мұнайын Кавказ теңізі арқылы Бакуге, Әзірбайжан мен Грузия арқылы Қара теңізге, одан әрі танкерлермен Румынияғе дейін тасымалдауға болады. Мұндайда Констанса-Триеста жобасы бізге қажет болады. Сондықтан да Еуропалық одақтың ТРАСЕКА (Еуропа - Кавказ - Азия көлік дәлізі) жобасы аясында бәрімізге Каспий теңізі мен Қара теңіздің арасында жаңа мұнай құбырын салу мәселесі бойынша жұмыс істеу қажет. Біз Константа-Триеста мұнай құбырына жақындау үшін терминалдар, айлақтар салу қажет. Ол жерде реконструкция жасалып, жаңа терминалдың салынғаны бізге мәлім», деді Н. Назарбаев баспасөз мәслихатында.

Елбасының «ҚазМұнайГаз» компаниясы Испанияға, Италияға, Францияға және басқа да көптеген мемлекеттерге мұнай жеткізетін және жанар-жағармай стасалары бар Румынияның «Ромпетрол-групп» тобының 100 пайыз акциясына иелік ететіндігін айта келе: «Қазақстан қазірдің өзінде Румынияға 4 млн. тонна мұнай жеткізеді. Бұл сіздердің елдеріңізге экспортталған өнімдердің 30 пайызын құрайды. Сондықтан да бұл бағытта бізде қызығушылық бар. Біз Президент мырзамен бірге жұмыс істеуге уағдаластық. Тиісті мұнай компанияларына тапсырмалар береміз», деді.

Елбасы Қазақстан қазіргі таңда Солтүстік Каспий мұнай құбырымен Ресей арқылы Қара теңізбен Еуропаға мұнай тасымалдайтынын атап өтті. «Сонымен қатар біз Қытай тарапына 10 млн. тонна мұнай тасымалдаймыз. Перспективада бұл 20 млн. тоннаға жетеді», деді Президент.

Елбасының айтуынша, әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі - Қашаған жобасы іске қосылған кезде Қазақстан жылына қосымша 50 млн. тонна мұнай экспорттауға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, панъеуропалық мұнай құбыры Румынияның Қара теңіздегі айлағы Констансаны Адриат теңізінің жағасында орналасқан Италияның Триеста қаласымен жалғастырады. Бұл мұнай құбыры Каспий теңізінің аймағындағы өңірлердің мұнайын Орталық және Батыс Еуропаға жеткізуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар