Каспий теңізінде кең ауқымды мұнай операцияларын бастағанға дейін жүзеге асырылған жобалардың жағымсыз салдарын болдырмау үшін талап қою керек - Қырымбек Көшербаев

Ұйымдастырушылар ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Маңғыстау облысының әкімдігі мен «КаспЭко» халықаралық жобасының жетекшілері болып табылады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Мұнай және газ министрлігінің өкілдері, қазақстандық ғылыми ұйымдардың өкілдері талқыға салды. «Дөңгелек үстелге» қатысу үшін сондай-ақ Иран Ислам Республикасы мен Ресей ғылым академиясы, Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясы жанындағы су шаруашылығы мәселелері жөніндегі ғылыми-ақпараттық орталықтың қазақстандық филиалының мамандары шақырылған болатын.
Теңіздегі мұнай операциялары Каспий теңізінің биоалуандығы үшін негізгі қауіп төндіріп тұр.
- Осыған байланысты кең ауқымды мұнай операцияларын бастағанға дейін жүзеге асырылған жобалардың жағымсыз салдарынан қорғау деңгейін жоғарлату үшін міндетті талаптардың кешенін дайындау керек. Міндетті талаптардың қатарына теңізге өндіру мен тұтынудың кез келген қатты және сұйық қалдықтарын тастамау да кіретін болады, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.