Каспий теңізіндегі Қашаған кен орнында қазіргі заманғы мониторинг жүйесі орнатылған кемелер жұмыс жасайтын болады

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ -Петерборлық «Транзас» компаниясы мен «Қазтранском» Қашаған кен орнын зерттеуге қатысатын «Аджип ККО» компаниясы үшін Vessel Tracking System /VTS/ кемелеріне мониторнинг жүйесін жеткізіп берді.
None
None
Петерборлық компанияның баспасөз қызметі ҚазАқпаратқа хабарлағанындай, бұл «Транзас» компаниясы үшін тапсырыс беруші «Қазтранс» және оны пайдаланушы «Аджип ККО»-ларға жасалған ілкі жоба болды.Жаңа қондырғылардың арқасында VTS операторлары өздері жауап беретін аймақтың ең өзекті деген картографиялық мәліметтерін біледі, сондай-ақ жер серігі арқылы түсірілген суреттерді, оның ішінде мұздың ахуалы туралы ақпараттар алады және оларды пайдаланады.Каспий теңізінің қазақстандық секторына орналасқан Қашаған кен орнын зерттеу 1997 жылы қол қойылған Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы Келісім (ӨБК) ауқымында жүзеге асырылуда. Қашағаннан басқа Ақтоты, Қайраң және Қаламқастағы мердігерлік учаскелерде де кен орындары ашылды.Аджип ККО Солтүстік Каспий бойынша ӨБК операторы болып саналатын «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының агенті рөлін атқарады. Өнеркәсіптік өндіру басталуын қамтамасыз етумен қатар, Аджип ККО кен орындарын игерудің келесі кезеңіндегі жерүсті кешені жобасының жүзеге асырылуына жауап береді.
Соңғы жаңалықтар