Кәсіпқой бокс: Сәкен Бибосынов Бішкекте жекпе-жек өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM – Бокстан әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығады.

Сәкен Бибосынов
Фото: olympic.kz

Кәсіпқой бокс кешін жапонялық Saikou X Lush промоутерлік компаниясы Азиядағы Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA Asia) және Халқаралық бокс федерациясының (IBF) қолдауы аясында ұйымдастырады. 

Айта кетерлігі, бокс кешінде Қырғызстан және Жапония боксшылары өнер көрсетеді. Сондай-ақ қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов және өзбекстандық Хасанбой Дусматов шаршы алаңға шығады.

Қазірге боксшылардың нақты қарсыластары анықталған жоқ. Бокс кеші 25-26 қазан күні Бішкек Аренада өтеді. 

Еске салсақ, Сәкен Бибосынов 20 шілде күні кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, филиппиндік 23-жастағы Кристиан Леганды (6-2-3, 4 KO) нокаутқа жіберген болатын. 

Соңғы жаңалықтар