Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Елшісі Паата Каландадзені оның өтініші бойынша қабылдады

СТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Паата Каландадзені оның өтініші бойынша қабылдады,
None
None

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Грузия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

П.Каландадзе Қазақстан-Грузия қатынастары туралы «тұтас алғанда үйлесімді және қарқынды» екені жайында сипаттай келіп, парламентаралық үнқатысуды белсенділендіру туралы ойларын айтты.

Қ.Тоқаев өзара екіжақты іс-қимылды нығайтуға Қазақстанның мүдделілігін атап өтіп, парламентаралық байланыстарды дамытудың маңыздылығына тоқталды.

Дипломат «ЕҚЫҰ-ның Еуразиялық өлшемі» Трансазиялық парламенттік форумының жұмысына грузин парламентшілерінің қатысатынын нақтылады.

Форум үстіміздегі жылғы 14-16 мамырда Алматыда өтеді. Бұл шара аясында аймақтық қауіпсіздік, экономикалық даму, ЕҚЫҰ-ның адам өлшемі мәселелеріне арналған үш сессиясын өткізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар