Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасы СІМ Ресми өкілі Рамин Махманпарасты қабылдады
деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан-Иран екіжақты қарым-қатынастарын, оның ішінде парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері жайында пікір алмасылды.
Тараптар сондай-ақ парламентаралық өзара іс-қимылды дамыту саяси байланыстарды жиілетуге, экономикалық сала мен гуманитарлық байланыстардағы табысты ынтымақтастықты кеңейтуге жәрдемдесетінін атап өтті.
Иран Мәжілісінің Төрағасы Али Лариджанидің Иранға ресми сапармен келуге шақыруына орай Сенат Төрағасы иран жағына алғыс айтты.
Рамин Мехманпараст үстіміздегі жылғы 17-18 сәуірде ядролық қарусыздану туралы Тегеран конференциясының нәтижелері туралы Қасым-Жомарт Тоқаевты хабардар етті.
Қ.Тоқаев «әр мемлекеттің халықаралық заңдар аясында және МАГАТЭ бақылауымен өзінің ядролық бағдарламасын дамытудағы» құқықтары жайында айтты. Төрағаның айтуынша, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті қалыптастыруда Иранның негізді маңызды ролі бар.
Р.Мехманпараст стратегиялық қаруларды таратпаудағы негізгі мәселелерді шешудегі Қазақстан бастамаларын жоғары бағалады және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің еліміздің маңызды ролін атап өтті.