Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Аюурзан Хараавчты қабылдады

АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат. Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Аюурзан Хараавчты қабылдады,
None
None

деп хабарлайды  Сенаттың баспасөз қызметі.

А.Хараавчты бұл қызметке тағайындалуымен құттықтай келіп Қазақстан Сенатының Төрағасы оның елшілік мол тәжірибесі екі елдің көпжақты ынтымақтастығын одан әрі дамытуға жәрдемдесетініне сенім білдірді.

Әңгіме барысында тараптар Қазақстан-Моңғол қатынастарының жоғары деңгейін қанағаттанғандықпен айта келіп, оны нығайтуға Қазақстан мен Моңғолия басшыларының өзара сапарларының тың серпін бергенін және ынтымақтастықты тереңдету, оның ішінде парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту үшін мол мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі мен оның Хатшылығы отырыстарын өткізуге және оның барысындағы белсенді жұмыстары үшін моңғол жағына алғыс айтты және алдағы жылы көктемде Алматы қаласында өтетін «ЕҚЫҰ-ның еуразиялық өлшемі» трансазиялық парламенттік жиынына қатысуға моңғол парламентшілері делегациясын шақырды.

Өз кезегінде Аюурзан Хараавч біздің еліміздің ЕҚЫҰ-на алдағы төрағалық етуі табысты болатынына сенім білдірді. Ол сондай-ақ Қ.-Ж.Тоқаев пен қазақстандық депутаттарды Моңғолияның жоғары мемлекеттік органы - Ұлы Мемлекеттік Хұралға келуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар