Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария саясаткерін қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Женева кантоны экономика және қауіпсіздік министрі, Швейцария Конфедерациясының мемлекеттік кеңесшісі Пьер Модэні қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат parlam.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Женеваның бұрынғы мэрі ретінде П.Модэ Қ.Тоқаевтың 2011-2013 жылдары БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Женева бөлімшесінің Бас директоры лауазымын атқарған кездегі қызметін жоғары бағалады. Тараптар бірлескен күш-жігердің арқасында жаһандық дипломатияның орталығы ретіндегі Женеваның мәртебесі айтарлықтай арта түскенін атап өтті.

Сенат Төрағасының айтуынша, әлемде геосаяси шиеленістер өршіп тұрған бүгінгі жағдайда БҰҰ Женева штаб-пәтері көпжақты келіссөздер, жанжалдардың алдын алу, дағдарыстарды реттеу үшін маңызды алаң ретінде одан әрі жан-жақты қолдауды қажет етеді.

Сенат Төрағасы Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайту жөніндегі П.Модэнің ниетін құптады. Қазіргі уақытта, Қазақстанның әлем елдерімен сауда айналымының көлемі бойынша Швейцария бесінші орында тұр. 2015 жылы екіжақты сауда көлемі 2,79 миллиард АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар, Швейцария соңғы он жылда Қазақстан экономикасына 14,5 миллиард доллар инвестиция салған ірі инвесторлардың бірі болып табылады.

Төрағаның айтуынша, екіжақты ынтымақтастықтың оң үрдісін дамыта беру қажет. Осыған байланысты, Қ.Тоқаев П.Модэ бастаған Швейцария кәсіпкерлері делегациясының сапары өзара тиімді қарым-қатынастарға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

null  

Соңғы жаңалықтар