Қасымов: Көптеген жүргізуші аялдамалар мен тұрақтар ережесін бұзуға мәжбүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көптеген жүргізуші аялдамалар мен тұрақтар ережесін бұзуға мәжбүр. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өтіп жатқан «Жол қозғалысы саласындағы құқықтық реттеудің жай-күйі мен проблемалары» тақырыбындағы парламенттік тыңдау барысында еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әсіресе, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге тек қана полиция санцкиясын қолдану автомобилизациялану өсімі қарқынына жол инфрақұрылымын дамыту деңгейі сай болмаса ұзақмерзімді тиімдік бермейді. Оған тұрғын үй алаптарымен қатар халық жаппай жиналатын орындардағы тұрақ орындарының қажетті санының болмауы да қарапайым мысал бола алады. Жыл сайын біз аялдама, тұрақ ережесін бұзғаны үшін 20 мыңнан астам жүргізушіні жауапқа тартамыз. Дегенмен, көптеген жүргізуші қалаларымыздағы аумақтық, көліктік жоспарлаудың жетілдірілмеуі салдарынан жол қозғалысы ережесін бұзуға мәжбүр», - деді министр.

Осы ретте Қасымов Астана мен Алматының жергілікті билігі ақылы тұрақтар енгізіп, жеке көлікпен кіруге шектеу қою мәселесін қарастырып жатқанын айтты.

«Бұған қоса, өңірлерде көлік тұрағы орындарының жетіспеушілігі проблемасы әлі шешілмей жатыр. Ал жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі дәл осы ауылдық елді мекендерде орын алатындығы белгілі»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар