Катар тарапы Қазақстанда ислам банкингін дамыту мәселелерін талқыламақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Катар тарапы Қазақстанда банк секторына инвестиция салуды қарастыруда. Бұл туралы бүгін Астанада Катар Мемлекетіндегі ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Шоқыбаевтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.
None
None

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2015 жылдың қазанында Дохаға ресми сапары барысында 2016 жылы Қазақстанға Катардың ірі бизнес өкілдерінің сапары туралы келісім жасалған болатын. Осы ретте Елшілік тарапынан аталған елдің мемлекеттік органдары мен іскер топтарымен бірқатар кездесулер өткізілді.

«Катар жағы Қазақстанға сапармен келіп, ынтымақтастықты нығайтуға әзірлігін білдіріп отыр. Катар Орталық банкі төрағасының жетекшілігімен ірі банктер басшыларынан құралған топ елімізге биылғы тамыздың аяғында сапарлайды. Олар Қазақстанның банк секторына инвестиция салу, сондай-ақ елімізде катарлық банктер филиалдарын ашу, ислам банкингін дамыту мәселелерін талқылауға ниетті»,-делінген ҚР Сыртқы істер министрлігі мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар