Катар тарапы ҚР Сыртқы істер министрлігімен тұрақты саяси кеңесулер өткізуге ниетті

«Ынтымақтастық бағытында көптеген ой-пікірлеріміз және жоспарларымыз бар. Қазіргі кезде Катар мемлекеті бізге тұрақты түрде екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында саяси кеңесулер өткізуді ұсынып отыр. Яғни, кеңесулерді сыртқы істер министрлері орынбасарлары деңгейінде талқылау ұсынылды. Біздің сыртқы саяси ведомствомызда осы ұсыныс қарастырылып жатыр. Осы ретте оңтайлы шешім болады деген сенімдеміз», - деп тоқталды Елші.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде катарлық СІМ өкілдері Қазақстан тарапының жауабын күтіп отыр.
Айта кетейік, 1993 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан мен Катар арасында дипломатиялық қатынастарды орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойылды. ҚР Елшілігі Катарда 2007 жылдың мамырында ашылды, ал Қазақстандағы Катар Елшілігі 2008 жылдың наурызынан қызмет етуде.