Катардың Қазақстандық инфрақұрылымдық қорына кіруі туралы келіссөздер таяуда аяқталмақ - Елші

АСТАНА. ҚазАқпарат - Катар тарапы Қазақстандық инфрақұрылымдық қорына 100 млн. АҚШ доллары көлеміндегі инвестициямен кірмек. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Катар Мемлекетіндегі ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Шоқыбаев мәлім етті.
None
None

«Өткен жылы Астанаға Катар инвестициялық қорының басшысы сапармен келді. Ол еліміздің ресми тұлғаларымен айтарлықтай жемісті келіссөздер жүргізді. Қазіргі кезде бізде Катардың Казақстандық инфрақұрылымдық қорға 100 млн. АҚШ доллары үлесімен кіруі тұрғысындағы маңызды жоба бар. Бүгінде осы бағытта келіссөздер жүріп жатыр. Жақын арада бұл мәселе шешіледі деген үміттемін»,-деді Елші.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, Катар инвестициялық қоры Қазақстанда басқа да ауқымды жобаларды қарастыруға даяр. Осы ретте қор ауыл шаруашылығы саласына қызығушылық танытып отыр.

Елшінің айтуынша, жаһандық экономикалық дағдарысқа қарамастан, Катар тарапы инвестиция салудағы белсендігін жоғалтқан жоқ.

Соңғы жаңалықтар