Катарлық бизнесмендер Қазақстанмен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытуда

ДОХА. ҚазАқпарат - Катарлық бизнесмендер Қазақстанмен қаржы, агроөнеркәсіп, инфрақұрылымдық даму салаларында тығыз ынтымақтастықты жолға қоюға ниетті. Бұл туралы «Al Rayan Bank» басқармасының төрағасы Хусейн әл Абдалла айтты.
None
None

«Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуіміз барынша табысты болды деп санаймын. Өйткені, біздер қаржы, агроөнеркәсіп, сонымен қатар инфрақұрылымдық даму салаларында тығыз ынтымақтастықты жолға қойғымыз келеді. Біз Қазақстанды маңызды серіктес санаймыз», - деді ол ҚР Президентінің Катардың жетекші корпорациялары мен қаржы институттары басшыларымен кездесуінен кейінгі қазақстандық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол Қазақстанда өте жақсы инвестициялық орта қалыптасқанын, жұмыс істеуге барлық жағдай жасалып отырғанын ерекше атап өтті.

Ал Катар бизнесмендері қауымдастығының төрағасы, «Al-Faisal Holding Co.» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Фейсал бен Касем Әл Тани Катардың Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі жандандыру үшін барлық шараларды атқаруға ниетті екендігін баса айтты.

«Бүгін екі елдің іскерлік орталарының тығыз іс-қимылын нығайта түсуге септігін тигізетін бірқатар құжаттарға қол қойылды. Катарлық бизнесмендер бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытуда», - деді Фейсал бен Касем Әл Тани.

Соңғы жаңалықтар
Референдум