Қатонқарағай ауылдарына әзірге тасқын су төніп тұрған жоқ
деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінен. Солтүстік Қазақстаннан көмекке келген құтқарушылар Печи селосында тәулік бойы кезекшілік атқаруда.
Шығыс аймақтық аэромобильді жедел-құтқарушы отрядының мүшелерінен - 12 адамнан жасақталған топ Сенное селосына жайғастырылды. Синоптиктердің болжамынша, Қатонқарағай ауданында минус темпертура сақталады.
Аймақтағы жағдай жіті бақылауда. Су басқан жаңа ошақтар жоқ. Ең осал деген учаскелерге бұрынғысынша құтқару жасақтары орналастырылған. Олар апаттың алдын алу мақсатында инженерлік жұмыстар жүргізуде. Жергілікті халық та, қар суларын бұрып, аулаларын, көшелерін тазалауда.
Қазір Шығыс Қазақстан облысының аумағында Төтенше жағдайлар министрлігі жеке құрамының 1 119 адамы жұмыс істеуде. Құтқару операцияларында 220 техника, оның ішінде 64 қайық құралдары, сондай-ақ АН-30 ұшағы мен екі МИ-171 тікұшағы жұмыс істеп жатыр.