10:00, 31 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Қатты жел Аршалы ауданында 2 қабатты әкімшілік ғимараттың шатырын жұлып әкетті - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қатты жел Ақмола облысының Аршалы ауданында 2 қабатты әкімшілік ғимараттың шатырын жұлып әкетті.

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
«Төтенше жағдай 30 желтоқсанда түнгі 04:45 минут шамасында Аршалы кентінде орын алған. Жылдамдығы 30 м/с ұйытқаған желдің салдарынан «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС-нің электр желісі аудандық учаскесінің 2 қабатты әкімшілік ғимаратының аумағы 500 шаршы метр шатырын жұлып әкетті. Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.